Алматыдағы қонақ үйден өрт шықты

Таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.

Алматыдағы қонақ үйден өрт шықты
Алматы қалалық ТЖД

Бүгін, 12 маусымда Алматыда таң ата өрт шықты. Қала аудандарының бірінде қонақүй жанды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 маусымда, таңғы сағат 6:00-де Алатау ауданы, Қарасу ықшам ауданы, Молодежная көшесінде орналасқан қонақүйден өрт шықты.

«ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша оиға орнына 6 минутта жетті. Өрт сөндірушілер 2-қабатты қонақүйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрт бутиктерге таралып үлгерген. Дереу өрт оқпандары жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерді қорғауға берілді, өртті сөндірудің 3 учаскесі құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Қонақүй әкімшілігі мәлім еткендей, адамдар дереу сыртқа шығарылып, өрт орнынан 4 газ баллоны шығарылды.