сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Қазақстандық футболшылар жолдастық кездесуде Әзербайжан командасынан жеңіліп қалды

/
Сурет: ҚФФ
Екі құрама бүгін 9 рет кездесті.

Венгрияның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында өткен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ойын басталған алғашқы 20 минутта 2:0 есебімен алда тұрған қазақстандық футболшылар екінші таймның соңына дейін қақпасына 3 гол өткізіп алды. Осылайша 2:3 есебімен Әзербайжан құрамасы жеңіске жетті. 

Айта кетейік, FIFA рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орынға жайғасқан. 

Бұған дейін Қазақстан құрамасы 7 маусымда Армениядан да 1:2 есебімен жеңілген болатын. 

Бөлісу: