Қарағанды-Балқаш тас жолында 3 көкпаршы қаза тапты

Қазір дәрігерлер тірі қалған екі спортшыны аман алып қалу үшін барын салып жатыр.

Қарағанды-Балқаш тас жолында 3 көкпаршы қаза тапты
ZTB.KZ

10 маусым күні таңертең "Қарағанды-Балқаш" тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды.

ZTB.KZ мәліметінше, Жамбыл облысынан көкпар командасының спортшылары Қарқаралыда өткен республикалық турнирден Меркеге қайтып бара жатқан. Жеңімпаз атанған команда кубокпен келе жатқан. Алайда спортшылар мінген фургон басқа жүк көлігімен соқтығысты. 

Салдарынан екі көкпаршы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы біреуі ауруханада ес жимастан қайтыс болды. Қазір дәрігерлер тірі қалған екі спортшыны аман алып қалу үшін барын салып жатыр. Олардың жағдайлары өте ауыр деп бағалануда. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Фургонда көкпаршылармен қоса олардың жылқылары да болған. Олардың барлығы дерлік қырылып қалған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.