Ақпарат аз болған сайын, қабылданған шешім дұрысырақ болады – ғалымдар қызықты қорытындыға келді

Зерттеуге сүйенсек, артық деректен ми "адасады", қажетсіз фактілерге шырмалып қалып, батып кетеді және қате тұжырымдар жасайды.

Ақпарат аз болған сайын, қабылданған шешім дұрысырақ болады – ғалымдар қызықты қорытындыға келді
сурет: istockphoto.com

Ақпарат аз болған сайын, қабылданған шешім дұрысырақ болады. Cognitive Research: Principles and Implications журналында жарияланған зерттеу адамдардың көбісінің шешім қабылдау дағдысы мәселеге байланысты факті көбірек пайда сайын төмендейтінін көрсетеді.

Зерттеуге сүйенсек, артық деректен ми "адасады", қажетсіз фактілерге шырмалып қалып, батып кетеді және қате тұжырымдар жасайды.

"Бұл – біздің әдепкі түсінігімізге кереғар қорытынды, өйткені біз бәріміз ақылға қонымды шешім қабылдау үшін ақпаратты ақылмен, сараптап аламыз деп ойлағанды ұнатамыз. Бірақ шындық мынада – көп ақпарат міндетті түрде жақсы бола бермейді” – дейді Саманта Клейнберг, информатика маманы және Фарбер Технологиялық Институтының Доценті.

Бұл нәтижелер өмірдің барлық аспектілеріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл сыни тұрғыдан ойлау және жалпы білім беру процесін қайта қарау қажеттілігі туындауы мүмкін дегенді білдіреді.