Ақтауда жол апатына түскен оқушының жағдайы ауыр

Тағы бір оқушыға медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілді

Ақтауда жол апатына түскен оқушының жағдайы ауыр
istockphoto.com
527

Кеше Ақшұқыр ауылында мектеп оқушылары автокөлікті айдап кетіп, жол көлік апатына түскен болатын. Екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Көлікте тағы екі оқушы болған. Олар ауруханаға жеткізілен еді, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауруханаға жеткізілген оқушылардың жағдайы туралы айтты.

Бір оқушының жағдайы ауыр. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Тағы бір оқушыға медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілді, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Серіктес жаңалықтары