«Хэллоуинге теңеген»: Алматылық әйел полицейге әзілдегені үшін айыппұл төледі (ВИДЕО)

/
«Хэллоуинге теңеген»: Алматылық әйел полицейге әзілдегені үшін айыппұл төледі (ВИДЕО)
Алматы ПД

Алматы тұрғыны полиция формасын хэллоуин мерекесіне арналған киімге теңегені үшін 130 мың теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 31 қазан күні кешкі уақытта Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде болған. Сол күні учаскелік полиция инспекторы мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген. Осы кезде оған қолына камера ұстаған әйел келіп, полицейдің формасы Хэллоуин костюмі емес пе деп әдейі сұрақ қойған.

Полиция қызметкері сабыр сақтап, өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін жұмысын жалғастырған. Алайда оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланып, жағдай желі қолданушыларының назарына ұсынылды.

Бейнежазбаның авторын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады. Ол Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.

Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары