Алматы облысында жер үй өртеніп кетті

Алапат өрт Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы жер үйлердің бірінде болған

Алматы облысында жер үй өртеніп кетті
ҚР ТЖМ

Алматы облысында жер үй өртеніп, жарамсыз күйде қалды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, алапат өрт Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы жер үйлердің бірінде болған.

Құтқарушылар 130 шаршы метр алаңға таралған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.