Алматыда моншадан өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ

Алматыда моншадан өрт шықты
ТЖМ

Алматылық өрт сөндірушілер монша кешенін өрттен қорғап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бостандық ауданының монша кешендерінің бірінің аумағында орналасқан жеке тұрған монша өртенді.

Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 35 минутта 30 шаршы метр алаңда өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.