Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктің ішінен 2 адам шыға алмай қалған

Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалған

Ақтөбеде шатыр басып қалған көліктің ішінен 2 адам шыға алмай қалған
ТЖМ

Оларды құтқарушылар алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Екпінді желдің салдарынан Алматы ауданында қойма ғимаратының шатыры ішінара бұзылу салдарынан 2 жеңіл автокөлік зақымдалған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кесу құралдарының көмегімен көліктен өздігінен шыға алмаған 43 жастағы ер адам мен 13 жастағы баланы құтқарды. Медициналық көмек қажеттігі болмады, – делінген хабарламада.

ТЖМ ауа-райының өзгеруін бақылауды және "112" қызметі жіберетін SMS хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.