Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді
Павлодарда үйге қамалып қалған егіздер құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3-ші қабаттағы пәтерде ата-анасының қарауынсыз қалған 2021 ж.т. егіздер темір кіреберіс есігін жауып алып, өз бетінше аша алмаған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кірді. Кейіннен балалар ата-анасымен табысты. Медициналық көмек қажет болмай шықты.