Маңғыстау облысында жол апатынан 2 жасөспірім мерт болды

Оқиға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған

Маңғыстау облысында жол апатынан 2 жасөспірім мерт болды
www.instagram.com/112_aktau/

Маңғыстау облысында 4 оқушы мінген автокөлік бетон бағанаға соғылып, 2 жасөспірім қаза болды, деп жазады turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған.

Апаттан Ақшұқыр мектеп лицейінің екі 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген. Олар да 8-9 сыныпта оқитын жасөспірімдер.

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу талабына сай, өзге мәлімет жария етілмейді.