548
Астанада су тасыған кезде ер адам көшеден серфингпен жүзіп өтті
Астанада жаңбырдан кейін Иманов көшесінде ылғи су тасиды
Елорда тұрғыны су басқан Иманов көшесін қатты жаңбырдан кейін серфинг тақтасымен жүзіп өтті, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Астанада жаңбырдан кейін Иманов көшесінде ылғи су тасиды. 7 маусымда да солай болды.
Қала тұрғындарының бірі серфинг тақтасымен жолды жүзіп өткен. Оған таңдана қараған адамдар әрекетін видеоға түсіріп алған. Кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті.
Айыппұл салынбайтын шығар деп үміттенемін, - делінген жазбаларда.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Астанада қатты жаңбыр жауып, елорданың бірқатар көшесінде су тасыған. Қаланың кей ауданында бұршақ жауды.