Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Армениядан жеңіліп қалды
Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 11 маусымда Әзербайжан командасына қарсы ойын өткізеді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы cырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесуде есе жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еревандағы республикалық стадионда өткен ойында футболшыларымыз Армениядан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесудің 4-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Марочкин автогол соғып алды. Содан соң 58-минутта армениялықтардан Ваган Бичахчян есепті еселей түсті. Ал ойынның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Бауыржан Исламхан пенальтиден гол салды.
Еске сала кетейік, бұл ойында Қазақстан ұлттық құрамасына бапкердің көмекшісі қызметін атқаратын Руслан Балтиев жетекшілік етті. Ал 3 маусымда бас бапкер болып тағайындалған Станислов Черчесов жолдастық матчтардан кейін қызметіне кірісетін болады.
Енді Қазақстан құрамасы 11 маусымда Венгрияда Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.