Жаңбыр, бұршақ: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 7 маусым, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жаңбыр, бұршақ: 7 маусымға арналған ауа райы болжамы
Pixabay
529

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, солтүстікте бұршақ жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарында жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атырау облысының батасында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары