Тасқыннан зардап шеккен СҚО тұрғындарына 53 жаңа үйдің кілті табысталды

Жиынға облыс және қала әкімдігі мен қала тұрғындары қатысты.

Тасқыннан зардап шеккен СҚО тұрғындарына 53 жаңа үйдің кілті табысталды
BAQ.KZ
593

Су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарына 53 жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара жаңа үйлер тұрғызылған «Бірлік» шағын ауданында өтті. Жиынға облыс және қала әкімдігі мен қала тұрғындары қатысты.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың алғашқы легі жаңа қонысқа ие болады. Мемлекет басшының тапсырмасына сай, жаңа үйлер салынып жатыр. Қаржы бөлген демеушілерге және тез арада баспананы тұрғызған құрылысшыларға алғыс айтамын. Биыл зардап шеккен азаматтарға қиын жыл болды. Қиындықтың бәрі артта қалсын. Жаңа үйлеріңізде тек береке мен бақыт орнасын. Жаңа қоныс құтты болсын! Бірлігіміздің арқасында үлкен елді мекен бой көтерді. Сол себепті жаңа шағын ауданға «Бірлік» деген атау берілді, – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

«Қазақстан халқы» қорының төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева жұмыстың қалай басталғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары