1071
Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желіде уағыз айтуға тыйым салынды
Діни қызметкерлерге желіде уағыз айтуына және әртүрлі жазбаларға лүпіл басуына тыйым салынды.
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарға әлеуметтік желіге шығуға қатысты шектеу қойды. Мұндай қадамға имамдардың желіде тараған даулы пікірлері себеп болған.
Діни қызметкерлерге желіде уағыз айтуына және жазбаларға лүпіл басуына тыйым салынды.
Ташкент қаласы бас имамының көмекшісі шектеу қойылатынын аудиохабарлама арқылы таратқан. Осылайша Өзбекстанда діни басқарма имамдардың әлеуметтік желідегі әрекетін қатаң бақылайды. Себебі діни қызметкерлер желідегі сөзі үшін талай мәрте дауға қалған екен. Ал имамдар бұл шешіммен келіспейді.