Аустралия ғалымдары қараңғыда көруге мүмкіндік беретін әйнек ойлап тапты
Икемді әйнекті кәдімгі көзілдіріктің әйнегіне жабыстыруға болады.
Адамның оптикалық қабылдауынан тыс әлемді бұрын-соңды болмағандай жарықтандыруға болады. Бұл сөздер жақында шындыққа айналуы мүмкін, Аустралия ғалымдары қарапайым тұтынушыларға аса жұқа әйнек арқылы қараңғыны жарық етіп көрсете алатын технологиялық жетістікке жетті. Бұл туралы newatlas.com жазды.
Аустралияның Трансформациялық Мета-Оптикалық Жүйелерді Жетілдіру Орталығының зерттеушілері үлкен және қымбат гарнитуралар мен линзалардан бас тартып, қараңғыда көруге болатын қолжетімді линза ойлап тапты.
Икемді әйнекті кәдімгі көзілдіріктің әйнегіне жабыстыруға болады. Осылайша, қараңғыда айналаны күн жарықтағыдай көруге болады. Тіпті көлік жүргізу де қауіпсіз екен. Технологияның негізі – көрінетін және инфрақызыл сәулелерді бекітетін литий ниобат кристалдары.