«Асыл мекен»: Отбасы банк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты

Бағдарлама 18-ден 70 жасқа дейінгі барлық қазақстандықтарға арналған.

«Асыл мекен»: Отбасы банк жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосты
pixabay
1167

Отбасы банк "Асыл мекен" жаңа ипотекалық бағдарламасын ұсынды.

1. Бағдарлама кімге арналған?

Барлық қазақстандықтар үшін жасы 18-ден 70 жасқа дейін (қарыз мерзімі аяқталған кезде).

2. Бағдарлама бойынша тұрғын үйді қайдан сатып алуға болады?

Тұрғын үйді ауылдық елді мекендерден (бұдан әрі АЕМ) сатып алуға болады. АЕМ тізімін Отбасы банкінің Instagram парақшасындағы стористардан таба аласыз.

Бағдарламаның шарттары:

Несиенің ең жоғары сомасы - 10 млн теңге.

Мерзімі 8 жылға дейін.

Несие бойынша мөлшерлеме 5% (ЖТСМ 5.2%-дан 5.8%-ға дейін).

Бірінші жарна қарыз сомасының 10%.

Өтінімді тек онлайн режимінде hcsbk.kz сайтындағы бейне операторлар арқылы алуға болады (storis-ке қалай өтініш беру керектігі туралы толық нұсқаулықты қараңыз). Әр отбасы баспаналы болсын!, - делінген банк хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары