Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды

Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды
freepik.com
418

Алматының ветеринарлық қызметінің директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Жапарханға қатысты үкім шығарды.

Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді жеткізбей, ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары