Маңғыстауда қытайлық 13 азамат жауапкершілікке тартылды

Құқық бұзушы шетелдіктертің көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстауда қытайлық 13 азамат жауапкершілікке тартылды
Turkystan.kz

Маңғыстау облысында 1-10 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы өңірдегі полиция департаменті мәлім етті.

Іс-шара аясында көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қытай Халық Республикасының 13 азаматының өңір аумағында заңсыз жұмыс істегенін анықтады.

Құқық бұзушы шетелдіктертің көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.