761
Қытайда шай мен кофеге көк жуа қосып ішу сәнге айналды
Қытайда танымал трендті басқа ел тұрғындары ерсі көріп, сынға алып жатыр.
Қытайда шай мен кофеге көк жуа қосып ішу сәнге айналды, дегенмен бұл трендті сынға алғандар көп, деп жазды nypost.com.
Yahoo Taiwan шолушылары "қара дәм" деп атаған пияз латте ретінде танымал кофе эспрессо мен сүтке көк жуаны араластыру арқылы әзірленеді.
Басылымның жазуынша, қытайлықтар кофе "қытырлақ" болуы үшін және кофенің қышқыл дәмін басу үшін осындай эксперимент жасаған.
Қытайда танымал трендті басқа ел тұрғындары ерсі көріп, сынға алып жатыр.