Елордада түнгі автобус бағдары іске қосылады

Жаңа бағыттағы автобустар таңғы 00:00-ден. 06:00ге дейін қатынайтын болады.

Елордада түнгі автобус бағдары іске қосылады
CTS

Жаз маусымына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы әрі қолжетімді болу үшін түнгі автобус бағдары іске қосылмақшы.   

№ 201, 202, 203 маршруттары түнгі бағдарлар бойынша қатынау үшін қатарға қосылады. 

Жаңа бағыттағы автобустар таңғы 00:00-ден. 06:00ге дейін қатынайтын болады.  

Аталған маршруттар шаһардың негізгі хабтары мен мөлтек аудандардың маңызды бөліктерін қамитыды деп жоспарланған.  

Ал, автобус бағдарларының нақты кестесі мен схемасы туралы ақпарат автобустар іске қосылар алдында нақтыланатын болады.