679
Алматыда мопед жүргізушісі қаза тапты
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алматының Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, мопед жүргізушісі мерт болды.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні 21:20-да Жетісу ауданында болды. Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында мопед және Toyota Land Cruiser автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде мопед жүргізушісі қайтыс болып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жол жүру ережесін мопед жүргізушісі өрескел бұзған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - депаратмент баспасөз қызметі.