«Өте қауіпті»: Баянауылда саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды

Аумақта адам денсаулығы мен малдарға және су көздеріне өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі.

«Өте қауіпті»: Баянауылда саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды
pixabay
438

Шектеулер маусымның ортасынан кейін алынады.

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 31 мамырдан 15 маусым аралығында адам денсаулығы мен малдарға және су көздеріне өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі.

Атап айтқанда, Баянауыл, Ақсан, Торайғыр ауылдық округтері аймағына шекаралас Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, Жасыбай бөлімшелері, Ұңғыма, Көшет, Тікұшақ тұрағы, Жамбақы, Кемпіртас, Айманбұлақ, телімдерінде 300 гектар аумағында үйірлі шегірткеге, 560 гектар жерде саяқ шегірткелерге қарсы өңделеді.

Серіктес жаңалықтары