«Көре алмайтын адамның әңгімесі»: Әнші Ұланғасыр Қами өзін сынаған сарапшыға жауап берді

Әнші өзін сынаған сарапшыға жауап ретінде арнайы видео түсіріп, әлеуметтік желіде жүктеген.

«Көре алмайтын адамның әңгімесі»: Әнші Ұланғасыр Қами өзін сынаған сарапшыға жауап берді
Ұланғасыр Қами. Фото: instagram/ulangasyrqamiev
1924

Танымал әнші Ұланғасыр Қами «Бес жұлдыз» сайысында өзін сынаған сарапшыға жауап берді.

Бағдарламада сарапшы болған Нұргүл Нұғманова «Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің? Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер» деген еді.

Осы пікірге қатысы әнші сахнадан тыс, ойын жинақтап әлеуметтік желі арқылы пікір білдірген.

«Как вы любите той!». Тойдың несі жаман?! Қазақта, Қазақстанда той көп болып жатқаны елімізде – тыныш, бейбіт заман деген сөз! Тойды қысқартамыз дегендерді де түсінбеймін. Өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы несие алып жатыр... иә, дұрыс емес, бірақ, ол өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы.

Екіншіден, сіздің де бір әніңіз хит болып кетсе, халық тойда билесе, сізді де тойға шақырып миллиондап ақша тапсаңыз, сіз тіпті бұлай айтпас едіңіз! Бұл – әншілердің гонарарын көре алмайтын адамның әңгімесі», - деді әнші.

Серіктес жаңалықтары