«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынды

Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.

«Жетісу» футбол клубының басшысы қамауға алынды
Жетісу ФК
824

«Жетісу» футбол клубының басшысы мен жергілікті әуе компаниясының директоры Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.

Талдықорған футбол командасы жетекшісінің ұсталу себебі айтылмады.

Бұған дейін бірқатар БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

Серіктес жаңалықтары