Шахтинск қаласынан екі шақырымдағы Ленин атындағы шахта аймағындағы жасанды су қоймасында 1958 және 1967 жылы туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, олар 1 маусымда қайықпен су айдынына шығып, сол күйі кері оралмаған.
2 маусымда сағат 04:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен жағадан 500 метр қашықтықта моторлы қайық ішінен 1958 жылы туған ер адамның денесі табылып, жағаға шығарылды. Оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Ал 1967 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары ары қарай жалғасуда.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті және еріктілердің күштері жұмылдырылды.