Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді

Дәл қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарының 57 жолдамасы бар

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді
Видеодан алынған кадр

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды, деп жазады turkystan.kz.

50 келі салмақта өнер көрсеткен екі дүркін Әлем чемпионы Солтүстік Корея елінің спортшысын жеңіп, Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды. Осылайша Париж төрінде әйелдер үш салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Дәл қазір Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиада ойындарының 57 жолдамасы бар.