Валентина Хальзова Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Бұл - бокстан Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына сегізінші жолдамасы

Валентина Хальзова Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Телжан Күдеров

Валентина Хальзова Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді, деп жазады turkystan.kz.

75 келі салмақта сынға түскен қазақстандық спортшы колумбиялық Ширлейдс Орозконы жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының 56-лицензиясын салды.

Бұл - бокстан Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына сегізінші жолдамасы.