Әскерилер халықаралық байқауға қатысып жатыр

49 елден 11 мыңға жуық әскери қызметші қатысып жатқан EFES-2024 халықаралық көпұлтты оқу-жаттығуы басталды.

Әскерилер халықаралық байқауға қатысып жатыр
561

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлермен бірге қатысушылардың әре­­­кеттерін әскери атташе генерал-лей­те­нант Мұхамеджан Таласов және ҚР Қарулы Күш­тері Құрлық әскерлерінің Бас штаб бас­тығы генерал-майор Мереке Көшекбаев ба­қылауда. 
Оқу-жаттығу барысында қазақстандық де­сантшылар түрік әскери қыз­мет­ші­ле­рі­мен бірлесіп шартты қарсыластың көзін жою міндетін орындады. 
35-десанттық-шабуылдау бригадасында қыз­мет атқаратын гвардия капитаны Мұ­рат Ибрагимов алдыңғы қатарлы авиа­та­сы­­­­малдаушылар DLIRIL-30 жүйесін және түн­де көретін ASELSAN A-600 құралын қол­дана отырып, түнгі уақытта қарсыласқа жа­сырын жақындау және армия авиа­циясын бағыттау жөніндегі тактикалық нормативтерді орындады.


Жергілікті жерді белгілеу тобына кіре­тін әскери қызметшілер ішінде жоғары кә­сіби деңгейін көрсеткендер – аға лей­те­нант Данияр Қасымханов (18404 әскери бө­лімі), гвардия аға лейтенанты Шерзод Ес­кермесов (32363 әскери бөлімі) және лей­­­тенант Нұрлан Жантілеев (61993 әс­ке­ри бөлімі). Жеке құрам шартты қарсылас­тың аумағында плацдармды басып алу мін­детін атқарған шабуыл жасақтарымен ар­мия авиациясы қонатын алаңдарға бар­лау жасады. 
Түркиялық әріптестермен тапсырманы үй­лесімді орындаған қазақстандық десант­шы­лардың шебер іс-қимылдарының ар­қа­сын­да барлық нысан алынды. Бұл біріккен әс­кер тобының негізгі күштеріне келесі ша­буылға көшуге мүмкіндік берді. 


EFES-2024 халықаралық көпұлтты оқу-жат­тығуы – өңірдегі ең ауқымды оқу-жат­ты­ғу екенін айта кеткен жөн. Ол тәжірибе ал­масу және оған қатысушы елдердің бір­лескен іс-әрекетін ұйымдастыру, сонымен қа­тар әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өт­кі­зіледі. 
Сондай-ақ қазақстандық десантшылар Бе­ларусьте кәсіби сынақтан өтіп жатыр. Олар теориялық емтиханнан кейін «Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағу құқығын ие­ленуге үміткерлер келесі кезеңге өтті.
Жарысқа қатысушы 98 адамның ішінен сы­нақтың екінші кезеңіне 64 әскери қыз­метші жіберілді. Онда 100 метрге жүзуді, 20 ке­лі жүкпен 100 метрге жүгіруді және бел­темірдегі кешенді күштік жаттығуларды қам­тыды.

Серіктес жаңалықтары