2828
ШҚО-да үйінің жертөлесінде жарты күн жатқан әже құтқарылды
Түстен кейін ғана көршілері оның айғайын естіп, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласқан.
ШҚО Первомайский ауылында зейнеткер үйінің жертөлелесінде жарты күн жатқан. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Зейнеткер таңғы 4-те тосап алу үшін жертөлеге түскен, бірақ сүрініп құлап қалған. Орнынан қозғала алмай жарты күн жатқан. Түстен кейін ғана көршілері оның айғайын естіп, жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласқан.
Құтқарушылар мен полицейлер зейнеткерді жертөледен шығарып алды. Қазір әже медициналық мекемеде мамандардың бақылауында., – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.