Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған астаналық тұрғын ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған астаналық тұрғын ұсталды
nege.kz
758

Астана қаласының полицейлері жүргізуші куәлігіне көмектесемін деп алдап, елорда тұрғынының 180 мың теңгесін жымқырған күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға 53 жастағы Астана тұрғыны хабарласып, танысы бір айдың ішінде жүргізуші куәлігін жасап беремін деп ақшасын алғанын және хабарсыз кеткенін айтып шағымданған.

«Полиция қызметкерлері анықтағандай, белгісіз ер адам емтихансыз көлікті басқаруға құжатты тез арада алуға көмектесемін деп алдаған. Оның көмектесу құны 180 мың теңге болатынын айтқан. Бұл көрсетілген қаражатты сеніп қалған жәбірленуші бірден төлеп үлгерген. Осыдан кейін алаяқ онымен байланысын тоқтатқан», - деліген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәсін мойындаған 31 жастағы Астана тұрғынын анықтады.

ҚР ҚК  190-бабы 1-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары