«Мақтанамыз!»: Балжан Бидаш Димаш Құдайбергеннің Түркиядағы концерті жайлы айтты

Әнші Балжан Бидаш өнердегі әріптесі Димаш Құдайберген секілді шетелдерде концерт бергісі келеді.

«Мақтанамыз!»: Балжан Бидаш Димаш Құдайбергеннің Түркиядағы концерті жайлы айтты
©instagram.com/bidash_official

«Кеш YOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің Түркия елінде өткен концертіне арнайы барды, деп жазды turkystan.kz.

«Стамбулдағы саяхатым сәтті өтті. Димаш ұлдарыңыз Стамбулдың 40 мың адамдық «Бешикташ» стадионында концерт берді. Көрермендер жан-жақтағы елден келген. Концертті тек бір өзі алып шықты...  @kudaibergenov.dimash әрқашан әлемде дауысың шырқалсын ! Біз сенімен мақтанамыз!», - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол осындай концерт өзіне де жұғысты болса екен деген тілегі барын жасырмады.