сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ақмола облысында мектеп өртенді

/
ТЖМ баспасөз қызметі
Тілсіз жау 6 шаршы метр алаңды шарпыған.

Ақмола облысының Шортанды ауданындағы негізгі орта мектептердің бірінде өрт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау 6 шаршы метр алаңды шарпыған.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Бөлісу: