564
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Аянат Жұмағали алтын жүлде жеңіп алды
Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді
Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Olympic.kz мәліметінше, қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.
Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді.
Сондай-ақ қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева жалпы есебі 201 келіні игеріп, қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақжол Құрманбек күміс, Нұрдос Сабыр алтын медаль жеңіп алған болатын.