1233
Астанада Назарбаев мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кетті
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Күдікті ретінде кәмелетке толмаған бозбала ұсталған, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы 18 жастағы қыз баланы өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп жауап берді Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өзге ақпаратты департамент заң тәртібіне сүйеніп, жария етпеді.