918
Атырау облысының әкімі шұғыл жиын өткізді
Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында
Облыс әкімі Құлсары қаласын сумен қамту мәселесі туралы шұғыл жиын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жиында судың құрамы «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды.
Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеді. Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес.
Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды.
Сондай-ақ лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша магистральдық желіден су жіберуді тапсырды.
Судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жалғасады.
Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.