Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Бүлдіршін түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған

Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
egemen.kz
578

Қостанайда үш жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Жарақат алған бүлдіршін Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Оқиға 25 мамыр, сенбі күні түстен кейін жеке үйдің аумағында болған.

Бүлдіршін түрлі жарақат алып, Қостанай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары