Бүгіннен бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

Қазақстандықтар Вьетнам шекарасын аттаған күннен бастап 30 күн ішінде визасыз жүре алады

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады
informburo.kz

Бүгіннен, яғни 25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим күшіне енді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Вьетнам шекарасын аттаған күннен бастап 30 күн ішінде визасыз жүре алады. 

2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан мен Вьетнам үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары, ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Бұл ретте азаматтар елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдағы әрбір кезең ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күн бола алады, – деген еді  СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.