Стенд ату: Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді

Ол рейтингтегі бірінші орынын сақтап қалды

Стенд ату: Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді
Olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі Әсем Орынбай Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті, деп жазады turkystan.kz.

Olympic.kz мәліметінше, Әсем жаңартылған әлемдік рейтинг бойынша жолдама алды. Ол рейтингтегі бірінші орынын сақтап қалды. 

Айта кетелік, Әсем Орынбай "скит" бағдарламасы бойынша сынға түседі. Бұған дейін Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко олимпиадалық іріктеуден өтті.