«Шәйнектің қасында тұрғаны есімде»: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген айыпталушы кінәсін мойындады

Сотталушы бұрынғы әйелімен қосылғысы келгенін айтты.

«Шәйнектің қасында тұрғаны есімде»: Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген айыпталушы кінәсін мойындады
Фото: Stan.kz
911

Ақтөбеде бұрынғы әйелін қылқындырып өлтіріп, денесін үш баласының қасына тастап кеткен айыпталушы сотта оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сотталушы бұрынғы әйелін қасақана өлтірмегенін айтты.

“Ауылға 00:30 шамасында кірдім. Жолда дүкенге соқтым. Шамамен 00:40 шамасында үйдің терезесін қақтым. Есікті Айбанудың өзі ашты. Кіргізді. Құшақтадым. 20 минуттай сөйлестік. Үш күн бұрын да ол ауылға бардым. Арамыз жақсы болып келе жатты. Оған Аралдағы маманың үйіне немесе қаладағы пәтерде тұрайық, мәселені шешейік, қосылайық деп айттым. Ол бірден “Ешқайда бармаймын. Қосылғың келсе, біздің қасымызға тұр” деді. Айқай болды. Шәйнектің қасында тұрғаны есімде. Әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Мен қатты ашуландым. Үйден қалай шығып кеткенім есімде жоқ. Таңертең бірінші Айбануға жаздым. Ол жауап берген жоқ. Сездім... 5 жастағы қызыма хабарласқанда “мама өлді” деп жылап жатты. Үлкен қызыммен сөйлестім. Нағашы апаларына хабарласуды сұрадым. Сол күні түстен кейін бардым. Жауап алу кезінде түнде келгенімді айттым. Мен оны өлтіремін деп ойламадым. Қызғандым. Қалай жасағанымды, қалай қолымның барғанын білмеймін. Менің мақсатым қосылу болды. Ауылға сол үшін бардым. Таксиді қонып қалсам, жіберемін деп ойладым. Қонбасам, қайтамын деп ойладым. Бәрі ашумен болды. Мойындаймын”, – деді айыпталушы жауабында.

 

 

Серіктес жаңалықтары