"Нанды 140 теңгеден алып, 354 теңгеден сатқан": Кәсіпкер Алматы облысындағы балалар үйіне азық-түлікті қымбат бағаға сатқан

Наннан бөлек, қарақұмық жармасын 281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан.

"Нанды 140 теңгеден алып, 354 теңгеден сатқан": Кәсіпкер Алматы облысындағы балалар үйіне азық-түлікті қымбат бағаға сатқан
pixabay.com
717

Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп жатыр.

Белгілі болғандай, жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) өткізген.

Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майы - 63% (600 тг/л алып,  977 тг/л сатқан), қант – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауға тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету бағытында қайта қаралды.

Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

 

Серіктес жаңалықтары