3 айдан кейін ғана әшкере болды: "Динамоға" ауысқан "Барселонаның" бұрынғы футболшысы өзінің орнына егізін жіберген

Егер ДНҚ тест бұл әрекетті растайтын болса, клубқа футболшының егізі ойнаған барлық матч бойынша техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.

3 айдан кейін ғана әшкере болды: "Динамоға" ауысқан "Барселонаның" бұрынғы футболшысы өзінің орнына егізін жіберген
сурет: marca.com
876

"Барселонаның" бұрынғы ойыншысы Эдгар Ие Румынияның "Динамосына" ауысқан, бірақ өзі ешқай ойынға қатыспаған, өзінің орнына егізін жіберген. Бұл туралы Испанияның marca.com агенттігі жазды. 

Футболшының бұл әрекеті тек 3 ай, яғни 5 матч өткеннен кейін әшкере болған. Нақтырақ айтқанда, "ойыншы" ағылшын тілін білмейтіні, құжаттарды көрсетуден бас тартқаны және солай ойнап келгені белгілі болды.

Эдгар Иенің өзі барлық айыптауларды жоққа шығарады.

Егер ДНҚ тест бұл әрекетті растайтын болса, клубқа футболшының егізі ойнаған барлық матч бойынша техникалық жеңіліс берілуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары