Қытай қазағы Ыстанбұлда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Ол Тарбағатай аймағы Дөрблжін ауданында қазақ отбасында дүниеге келген

Қытай қазағы Ыстанбұлда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Фото: mp.weixin.qq.com
922

Қытай атынан сынға түсіп жүрген қандасымыз Кабиран Абушайманұлы Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өткен іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Кабиран Абушайманұлы Ыстанбұлдағы іріктеу сайыста ширек финалдан сүрінбей өтіп, жартылай финалда қарсыласына жол берді. Алайда ол қола медаль үшін таласта қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үздіктер қатарына кірді. Ал Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған шешуші сында өзбекстандық қарсыласын 2:1 есебімен ұтып, Париж Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алды.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Кабиран Абушайманұлы Қытайда қазақ көп шоғырланған Тарбағатай аймағы Дөрблжін ауданында қазақ отбасында дүниеге келген. Ол осыған дейін Жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Серіктес жаңалықтары