Елорда Кубогі: Қазақстан атынан алғашқы жарысқа қатысқан Аман Қонысбеков жүлдегер атанды

Отандық боксшы жартылай финалда Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді

Елорда Кубогі: Қазақстан атынан алғашқы жарысқа қатысқан Аман Қонысбеков жүлдегер атанды
Ашық дереккөз

Астанада бокстан өткен Elorda Cup  халықаралық турнирінде ел құрамасы сапына жаңадан қосылған Аман Қонысбеков қола жүлде иеленді, деп жазады turkystan.kz.

Ол 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Отандық боксшы жартылай финалда Өзбекстан чемпионы Хавасбек Асадуллаевқа есе жіберді.

24 жасар өзбек боксшысы бірінші, үшінші раундтарды өз пайдасына шешіп, Аман Қонысбековтен басым түсті.

Айта кетейік, бұл турнир Аман Қонысбеков үшін Қазақстан туы астында жұдырықтасқан алғашқы ресми жарысы болды.