980
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Ол әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр
Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова қола медаль жеңіп алды. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден "иппон" әдісімен басым түсті.
Осылайша, Әбиба әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін ол Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.