Дзюдодан әлем чемпионаты: Сметов пен Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті

Бүгін Қазақстан сапынан 4 спортшы татамиге шығады

Дзюдодан әлем чемпионаты: Сметов пен Тынбаева бірінші кезеңде жеңіске жетті
Olympic.kz

Әбу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Бүгін Қазақстан сапынан 4 спортшы татамиге шығады, деп жазады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева бірінші айналымда бразилиялық Аманда Лиманы "ваззари" ұпайымен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Оның ендігі қарсыласы - испаниялық Лаура Мартинс Абеленда.

60 келі салмақтағы Елдос Сметов те екінші айналымға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде вьетнамдық спортшыны шидо санымен жеңді. Сметовтің кезекті қарсыласы - Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джин.