566
Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің сапалы жүзеге асыруы маңызды екені атап өтілді.
Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.