Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін ғайбаттайтындарға алғыс айтты (ВИДЕО)

Әншінің сөзінше, олар оны тегін жарнамалап жүр.

Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін ғайбаттайтындарға алғыс айтты (ВИДЕО)
Сурет: https://sn.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өз хейтерлеріне арнап видео түсіріп, оныәлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өзі жайлы жағымсыз пікір жазатын оқырмандарының есебінен ел арасында аты шығып жатқанын аңғартқан.

«Бұл жазбаны хейтерлеріме арнаймын. Мені ғайбаттап, әртүрлі парақшаларда жаман пікір жазып, уақыттарыңызды бөліп, мені теп - тегін жарнамалап жүргендеріңізге рақмет!», - деп жазды әнші.