Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
658

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың мәліметінше, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Қазір Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етіліп жатыр. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

«Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады», - деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Серіктес жаңалықтары